Ең атақты баскетбол клубы 10 млрд долларға сатылады

19.06.2025, 13:24

Соңғы 46 жыл бойы «Лейкерс» клубы Басс әулетіне тиесілі болып келді

Ең атақты баскетбол клубы 10 млрд долларға сатылады
әлеуметтік желі

АҚШ-тың атақты баскетбол клубы «Лос-Анджелес Лейкерстің» жақын арада иесі ауысады. Команданың бақылаушы үлесі рекордтық 10 миллиард долларға Марк Уолтерге сатылмақ. Уолтер «Доджерс» атты регби клубының да иесі.

Соңғы 46 жыл бойы «Лейкерс» клубы Басс әулетіне тиесілі болып келді, енді олар негізгі үлесті кәсіпкер Марк Уолтерге сату туралы шешім қабылдаған. ESPN мәліметінше, клубтың 15 пайыздық акциясы бұрынғы иелерінің меншігінде қалады, бірақ кейін оны да сату мүмкіндігі бар. Джини Басс клубтың басқарушысы қызметін уақытша атқара тұрады.

Болашақ келісім сомасы АҚШ-тағы спорт клубтары үшін рекордтық көрсеткіш болмақ. Айта кетейік, Марк Уолтер бес жыл бұрын «Лейкерс» клубының 26 пайыздық үлесін сатып алған еді.
Басс әулетінің басшылығымен «Лос-Анджелес Лейкерс» клубы 11 рет ҰБҚ чемпионы атанды. Қазіргі таңда команданың басты жұлдыздары - Леброн Джеймс пен Лука Дончич.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам