Дзюдодан әлем чемпионатына барған тоғыз жігіттің бәрі жеңілді

19.06.2025, 16:56

Әлем чемпионатына Қазақстаннан 12 спортшы барған

Дзюдодан әлем чемпионатына барған тоғыз жігіттің бәрі жеңілді
Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Мажарстан астанасы Будапешттегі әлем чемпионатының жекелей сыны мәреге жетуге жақын. Қазақстан құрамасы спортшыларының барлығы татамиге шығып үлгерді.

Әлем чемпионатына Қазақстаннан 12 спортшы барған. Оның 11-і жарысты жүлдесіз аяқтады. Будапештте татамиінде күрескен тоғыз жігіттің бірде біреуі ең болмаса бесінші орынға да тұрақтай алмады.

Бүгін жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Джоннан жеңілді.

Оған дейін Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мейірлан Максим (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Марат Байқамұров (100 келі) жарысты ерте аяқтаған. Тек Шамшадин мен Қырғызбаев ғана жетінші орынға тұрақтады.

Қыздардан 48 келідегі Абиба Әбужақынова күміс жүлде алды. Ал Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Эсмигул Құйылова (63 келі) алғашқы айналымнан әрі аса алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам