Көршісінің қызын құтқарамын деп көз жұмған бапкерге қатысты тың дерек шықты

20.06.2025, 15:58

37 жастағы Бердіғалиев Байғаниндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болған

Көршісінің қызын құтқарамын деп көз жұмған бапкерге қатысты тың дерек шықты
әлеуметтік желі

Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарлы ауылында болған қайғылы оқиғадан танымал бапкер көз жұмғаны туралы жазғанбыз. 

Нұрбол Бердіғалиев қоқысқа толы, пайдаланылмайтын құдыққа абайсызда құлап кеткен 9 жасар қызды құтқарамын деп қайтыс болған. Алдын ала дерек бойынша, екеуі де газдан уланған.
37 жастағы Бердіғалиев Байғаниндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып еңбек еткен. Бүгінге дейін қырыққа жуық республикалық және облыстық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген, өзі де алты баланың әкесі. 

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Қыз бала үй ауласындағы тереңдігі 10 метрге жуық, ұзақ уақыттан бері қолданылмаған, беті қаңылтырмен жабылған құдыққа түсіп кеткен. Көрші үйдің қызына көмектеспек ниетпен Нұрбол да құдыққа түскен. 

Нұрбол Бердіғалиев Жарлы ауылында 2017 жылдан бері тұрады екен. 2021 жылы ауылда дене шынықтыру орталығы ашылып, Нұрбол сол орталыққа бапкерлік қызметке ауысқан. Тіпті осы аралықта 20 шәкірті спорт шеберлігіне үміткер атанып үлгерген. Ал наурызда Алматыда күрестен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Бердіғалиевтің бір шәкірті күміс жүлдегер атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам