Мария Агапова дебюттік айқасында жеңілді

22.06.2025, 12:11

Көз арбасу рәсімінде Агапова қарсыласының ернінен сүйіп алған болатын

Мария Агапова дебюттік айқасында жеңілді
BKFC

АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында жалауын көтерген BKFC ұйымының 76-турнирі аясында UFC-дің бұрынғы файтерлері – қазақстандық Мария Агапова мен америкалық Джессика Ай жекпе-жек өткізді.

Бұл екі спортшы үшін де жалаң жұдырықпен төбелесу ережелері бойынша дебюттік кездесу болды. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен америкалық спортшы жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, Мария Агапова көз арбасу рәсімінде қарсыласының ернінен сүйіп алып, оның бұл әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Айта кетейік, Мария Агапова – UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық әйел файтер. Ол элитиалық дивизионда сәтсіз өнер көрсетіп, контракттен айрылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам