Көркем гимнастика: қазақстандық жасөспірім тарихи алтынға қол жеткізді

22.06.2025, 20:00

Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды

Көркем гимнастика: қазақстандық жасөспірім тарихи алтынға қол жеткізді
Спортты дамыту дирекциясы

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Болгариядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды.

Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Бұл  тарихи жетістік. Себебі Қазақстаннан алғаш рет гимнаст қыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп отыр.

Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу финалына қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам