
Екатерина отбасылық өмір туралы көзқарасын түбегейлі өзгерткен
Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол енді ешқашан тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.
Жанкүйерлерінің бірі Екатеринаға:
«Сізге үйленгім келеді», - деп жазған.
Алайда ол:
«АХАЖ-ға енді аяқ баспаймын», – деп жауап берді.
Екатеринаның айтуынша, күйеуімен болған даулы ажырасудан кейін ол отбасылық өмір туралы көзқарасын түбегейлі өзгерткен.
«Бұрын бәрібір тұрмысқа шығатын шығармын деп ойлайтынмын. Бірақ сот процестері кезінде оның қандай адам екенін толық түсіндім. Егер сол қасиеттерін алдын ала білгенімде, оған ешқашан тұрмысқа шықпас едім. Енді ондайда не осы өмірде, не келесі өмірде бастан өткергім келмейді», – дейді ол.
Екатерина мен Дмитрий бір-бірімен 16 жасында танысқан. 2013 жылы үйленіп, некеде екі бала – Мирон мен Никон дүниеге келген.
2023 жылдың маусымында жұп ажырасып кеткен. Бұдан кейін Екатерина бұрынғы күйеуінен алимент көлемін ұлғайтуды талап етіп, сотқа жүгінген.
2024 жылдың желтоқсан айының басында Екатерина экс-жолдасы оның үстінен прокуратураға арыз жазғанын айтып, бірнеше аптадан кейін іс бойынша сот басталғанын хабарлаған.