Алматыда 700-ден астам дзюдошы бас қосады

26.06.2025, 13:44

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Алматыда 700-ден астам дзюдошы бас қосады
ҰОК

3–6 шілде аралығында Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтеді.

Турнирге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, АҚШ және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы секілді елдерден 700-ден астам балуан қатысады деп күтілуде.

Дүбірлі дода «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді.

Азия кубогы аясында төрешілер мен бапкерлерге арналған халықаралық семинар ұйымдастырылады. Оған Польша, Мысыр, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан келген 80 маман қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам