Нұрқанат Серікбаев Германиядағы жарыста жаңа салмақта бақ сынайды

27.06.2025, 12:23

Көптен күткен камбэк.

Нұрқанат Серікбаев Германиядағы жарыста жаңа салмақта бақ сынайды
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев 2025 жылдың алғашқы ірі жарысын Германиядан бастайды. Жамбыл облысының өкілі Германияда өтетін Жазғы Универсиадада (16-27 шілде, Рейн-Рур) Қазақстан құрамасы атынан қатысады.

Айта кету керек, бұл турнирде елдегі ең мықты жеңіл салмақтағы балуандардың бірі 66 келі салмақ дәрежесінде алғаш рет бақ сынамақ. Бұған дейін ол 60 келіде Елдос Сметов және Мағжан Шамшадинмен бәсекелескен болатын.

Нұрқанат Серікбаевтың басты жетістіктері:

•    Кадеттер арасында Азия чемпионы (2019)
•    Кадеттер арасында әлем чемпионы (2019)
•    Жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы (2021, 2022)
•    «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі (2023)
•    «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері (2023)
•    «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы (2024)
•    Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2024)
•    Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Дүниежүзілік рейтингтегі орны: 60 келі салмақ дәрежесі бойынша 37-орын (1140 ұпай)

Сондай-ақ Универсиадаға Астанадағы Grand Slam турнирінің жүлдегерлері Аман Бақытжан (60 кг) мен Бақжан Байтас (100 кг) қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам