Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Шәкіртін жарысқа апару үшін бапкер несие алған». Министр федерация басшыларына шүйлікті

24.07.2025, 22:46

Ол күрес спортына бөлінген миллиардтаған қаражаттың қайда кеткенін де сұрады

«Шәкіртін жарысқа апару үшін бапкер несие алған». Министр федерация басшыларына шүйлікті
Туризм және спорт министрлігі

Шәкірті сары құрлық біріншілігіне қатысу үшін несие алған бапкердің жағдайынан соң Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық күреске жауаптыларды қатаң сынға алды. 

Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Айдын Сәрсекеев шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін 500 мың теңге несие рәсімдеген. Сол бәсекеде Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алса, соның алтауы грек-рим күресі шеберлеріне тиесілі.

Ведомство басшысы спортшылардың жарысқа қатысуына ақша табылмаса, федерацияларға бөлініп жатқан қаражаттың қайда кетіп жатқанын сұрады.

«Бір спортшыға ақша табылмай жатса, неге спортшы немесе оның бапкері несие алуы керек? Біз федерацияларға қаншама қаражат бөліп жатырмыз. Мысалы, 2 млрд 366 млн теңге қайда кетті», - деді министр.

Еске салайық, Париж Олимпиадасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі спорт федерациялары басшыларын қатаң сынға алған болатын. Осы сыннан кейін бірнеше федерацияның басшысы қызметінен кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулану 5
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам