
Жарыстың алғашқы күнінде 6 балуанымыз татамиге шықты
Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында жылдың кезекті Гранд-Слэм турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 6 балуанымыз татамиге шықты.
60 келіде сынға түскен Талғат Орынбасар мен Нұрәділ Әлжан екеуіде алғашқы айналымда сүрінді. Ал 66 келіде белдескен Ержан Еренқайыпов бірінші кезеңде жарыс жолынан шығып қалды. Дәл осы салмақта Бауыржан Нарбаев жартылай финалға дейін жеткен еді. Алайда ол қола жүлде үшін тартыста жарыс қожайыны Эрхэмбаяр Баттогтахқа есе жіберді. Бұл жарыста қыздардан жалғыз ел намысын 52 келідегі Толғанай Әбеуова қорғады. Ол да қарсыласына жол беріп, жарысты ерте аяқтады.
Осылайша қазақстандық дзюдошылар жарыстың алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде өткен Гранд-Слэм турнирінде дзюдошыларымыз 3 күміс, 6 қола жүлде жеңіп алған.