Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Тарихи жүлде: Қазақстан семсерлесушілері 9 дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

30.07.2025, 17:47

Қазақстан семсерлесушілері командалық сайыста тарихи қола медаль иеленді

Тарихи жүлде: Қазақстан семсерлесушілері 9 дүркін Олимпиада чемпионын жеңді
Спортты дамыту дирекциясы

Семсерлесуден Тбилисиде жалғасып жатқан жаһандық доданың соңғы күнінде сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов төрттігі үшінші орын үшін өткен бәсекеде тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны жеңіп кетті.

Қос құрама 2023 жылдың ширек финалында да жолығып, Францияның бағы жанған еді. Сол сәттегі көрсеткіштеріміз жігіттеріміздің ең жоғарғы нәтижесі ретінде тіркелген еді. Осылайша, Франция үш әлем чемпионатынан кейін жүлдесіз қалып отыр. Олар 2019, 2022 жылдары алтын медаль және 2023 жылы күміс медаль алған.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы бұл жүлде - семсерлесуден ел тарихындағы командалық бәсекелерде жеңіп алған алғашқы медаль. Ал Руслан Курбанов жекелей сында медаль алған жалғыз спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам