Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Масқара!»: Сабина Алтынбекова Ақтөбе мешітінде болған оқиға туралы пікір білдірді

31.07.2025, 12:21

Ақтөбе қаласының тұрғыны мешітке намаз оқуға келген қызға некелесуді ұсынған

«Масқара!»: Сабина Алтынбекова Ақтөбе мешітінде болған оқиға туралы пікір білдірді
Коллаж 1bol.kz

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Ақтөбедегі мешітте болған оқиғаға байланысты Instagram парақшасында пікір білдірді.

Бұған дейін Ақтөбе қаласының тұрғыны мешітке намаз оқуға келген қызға некелесуді ұсынған еді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция күдіктімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

Алтынбекова оқиғаға қатысты өз ойын ашық жазды.

«Қыз баласына қол көтеріп, тиісетін әр оқиғада жүрегім ауырады… Қазір ештеңеге таңғалмаймын деп ойлайтынмын. Бірақ, өкінішке қарай, кейбір “ер-азаматтар” деген атауға сай келмейтіндер адамгершілік шегінен шығып кетті. Жабық киінген қыз баланы “кінәлап”, оның құқықбұзушылықты видеоға түсіргенін сөгіп жатыр. Бұл барып тұрған масқара!» — деп жазды спортшы.

Ол оқиға орнында болғанда, өзін қорғамақ болғанын ашық айтты:

«Мен оның орнында болсам, дене күшімен тойтарыс беретін едім. Ал әлгі “еркектер” қыздарды қорғаудың орнына, дінді бетперде етіп, өздерінің теріс әрекеттерін ақтап алмақ болды. Олар “қыз өзі себеп болды” деген ойды алға тартып, тағы да әйелді айыптап отыр».

Сабина Алтынбекова оқиғаның мән-жайына тоқталып, дінді сылтау етіп, әйелдерге орынсыз талап қоюды сынға алды:

«Қыз баласы орамал таққан, әйелдерге арналған бөлме жабық болған соң, мешітте құлшылығын өтеуге шешім қабылдаған. Ал біреулер: “Үйіңде отыр” дейді. Мен оларға: “Бұл – Ауғанстан емес!” деп жауап бергім келеді».

Спортшы қазақстандықтарды мұндай әрекеттерді ақтамауға шақырды. Оның айтуынша, зорлық пен әлімжеттікке үнсіз қалмау керек:

«Зорлық-зомбылыққа “ЖОҚ!” деп ашық айту керек. Қыздар, қорықпаңыздар, ұялмаңыздар. Қарсылық білдіріңіздер. Ал ол адамды ақтап алуға тырысқан, видео түсіріп отырған ер адамдар — ертең дәл осындай жағдай сіздің әпкеңіз не қызыңыздың басынан өтіп кетпесіне кім кепіл? Есіңізде болсын: әйелдің ары — бүкіл ұлттың ары!» — деп қорытындылады Алтынбекова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам