Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді

03.08.2025, 10:38

Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді

Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді
UWW

Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Жаңажол Қуанышбекке ақтөбеліктер ерекше сый-құрмет көрсетті.

Грекия астанасы Афинада қарсылас шақ келтірмеген жас спортшыға жерлестері бір үйір жылқы сыйға берді. Балуанды бұдан да үлкен сый күтіп тұрғаны да айтылды.

Айта кетейік, әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

Сонымен қатар Грекиядағы аламанда Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Аталған спортшылардан бөлек әлем чемпионатына Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) қатысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам