
Жеңісті төрешілер қарсыласына берді.
Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында 50 келіде әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай ел намысын қорғады.
Айтулы додада отандасымыз финалға жолдама алды.
Ақтық сында Мөлдір, Иран елінің өкілі Сара Бахманиермен алтын жүлдені сарапқа салды. Негізгі уақыт тең 0:0 есебімен аяқталған еді. Алайда төрешілер нәтижелі әрекеті үшін жеңісті қарсыласына берді. Ал Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындар (The World games) 4 жыл да 1 рет ғана өтеді. Мөлдір Жаңбырбайдың бұл медалі аталмыш жарыста ел қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін 2009 жылы Халид Халидов пен 2022 жылы АҚШ-та Софья Берульцева алтын медаль еншілеген.
Айта кетейік, ертең жарыс жолына Нұрқанат Әжіқанов (75 кг), Әсел Қанай (61кг) және Олимпиада ойындарының жүлдегері Софья Берульцева шығады.