
Қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті.
Атап айтқанда, біздің спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Маргарита Бажаева (-50 кг)
2-орын. Асқар Еспусинов (-58 кг)
3-орын. Жандос Бейсенбаев (-71 кг)
3-орын. Болат Сапар (-88 кг)
3-орын. Айнұр Төребай (-59 кг)
3-орын. Арайлым Әбенова (-72 кг)
3-орын. Қазақстан құрамасы (командалық сайыс)
Биылғы бәсекеге 20 елдің спортшылары қатысты.