Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Жаздағы нәтижеміз жақсы». Шаңғымен тұғырдан секіруден күміс жүлде бұйырды

18.08.2025, 08:47

Халықаралық шаңғышылар федерациясының рейтингіндегі орнын жақсартады.

«Жаздағы нәтижеміз жақсы». Шаңғымен тұғырдан секіруден күміс жүлде бұйырды
Спортты дамыту дирекциясы

Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан жазғы шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Данил Васильев күміс медаль жеңіп еншіледі. 

Отандасымыз финалда барлығы 119.3 ұпай жинады. Бұл жаттығуда 129.5 балл алған Аустрия спортшысы Никлас Бахлингер топ жарды. Үздік үштікті Владимир Зогфарски (Болгария) түйіндеді.

Айта кетейік, осы екінші орынның арқасында Данил Васильев 2026 жылғы Милан Олимпиадасының лицензиясына тағы бір табан жақындай түсті. Вислада қол жеткізген ұпайлар оның Халықаралық шаңғышылар федерациясының рейтингіндегі орнын жақсартады.

Еске салсақ, осыған дейін жазғы Гран-при/әлем кубогында біздің спортшылар арасында ең жоғарғы көрсеткішті Сергей Такченко тіркеген. Ол 2021 жылы Щучинскегі бәсекеде 6-сатыдан көрінген.

«Бүгін біздің спортшылар үшін бәрі жақсы өтті. Данил Васильев алысқа секіріп қана қоймай, техникалық тұрғыдан да жерге сауатты қонды. Соның арқасында жүлдеге ие болдық. Жазғы Гран-при кезеңі ұпайы мен деңгейі жағынан әлем кубогына теңестіріледі. Жарысқа қатысқан тағы бір отандасымыз Илья Мизерных та жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен, жүлдеге сәл жетпей тоқтады»,-деді ұлттық құраманың бас бапкері Павел Васильев Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Мизерных бүгінгі жарысты 24-сатыда аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам