Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатының финалында өзбек балуанынан жеңілді

19.08.2025, 22:12

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес медаль бар

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатының финалында өзбек балуанынан жеңілді
UWW

Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесу қарсыластың пайдасына шешілді. Поенов 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) алтын иеленсе, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам