Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Олимпиада жүлдегері Сәтпаев екі дүркін Азия чемпионы атанды

21.08.2025, 14:55

Финалда ол 250,1 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды

Олимпиада жүлдегері Сәтпаев екі дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: Оlympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев топ жарды. 

Олимпиаданың қола жүлдегері Ислам Сәтпаев 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды.

Күміс жүлде 249,8 ұпай еншілеген қытайлық Лу Динкэге бұйырса, қола медальді оңтүстіккореялық Пак Хаджун (228,7 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Бұған қоса ол Мюнхенде өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам