
Тура үйлену тойымыз болған күні нәрестелі болдық
Өзбекстанның танымал дзюдошысы, Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова алғаш рет ана атанды.
Бұл туралы оның күйеуі Азамат Матекуб өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
«Тура үйлену тойымыз болған күні нәрестелі болдық. Мен сені сүйемін Диёра Келдиёрова»,— деп өзінің әйеліне ыстық ықыласын білдірді Азамат Матекуб.
Айта кетейік, оның күйеуі Азамат Матекуб та өзбек еліне танымал дзюдошы.
Диёра Келдиёрова Париж Олимпиадасында 1/16 финалда атақты жапон қызы Ута Абены иппон әдісімен жеңіп, сенсация жасаған еді. Осылайша ол финалға дейін жетіп, Өзбекстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.