«Бейсбол таяқшасымен ұрды»: ММА спортшысы Хасан Қасымбаев жайлы сұмдық оқиғаны айтып берді

Telegram WhatsApp

«Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі қаралып жатыр

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

2021 жылы адам ұрлау фактісі мен соққының құрбанына айналған ММА файтері әрі бапкер Арман Әлімов сотта сол күнгі оқиғаны егжей-тегжей баяндап берді.

Бұл күндері Талғар аудандық сотында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Кезекті отырыста жәбірленуші ретінде Әлімовтың өзі жауап берді.

«Дүкен жанында бес жігіт жабылып, бас салып соққыға жықты. Көлік дайын тұр екен. Мадияр алдымен қол беріп амандасты да, артынша шап беріп ұстап алды. Бірі аяғымнан тартып, аударып тастады. Жан-жақтан соққы жаудырып, есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам, көліктің артқы орындығында жатыр екенмін. Руслан аяғымды қысып отыр, Мадияр денемді басып, Ақтанов басымды ұстап тұр. Мені Талғардың сыртындағы егістікке алып кетті. Қараңғы түсіп қалған кез. Жерге құлата салды да, тергеуге кірісті. Сұлтанбеков пен Асқаров бейсбол таяқшасымен ұра бастады»

деді ол

Әлімовтің сөзінше, тепкі кезінде Мадияр Қалимжанов жейдесін шешіп, денесіндегі оқ тиген жарасын көрсеткен. Ол «мүгедек болып қалдым» деп жылап, 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданында болған атысқа Әлімовті айыптап, түсінік талап еткен.

«Ақтанов Қасымбаевқа қоңырау шалып, «Не істейміз?» деп сұрады. Ал Руслан бәрін видеоға түсіріп тұрды. Біраз уақыттан кейін Қасымбаевтың өзі келді, бірақ көліктен түспеді. Терезесін түсіріп: «Жетеді, қайтайық, көзге түсіп қалдық, полиция келе жатыр» деді. Содан кейін бәрі асығыс көлікке мініп, тайып тұрды»

деді спортшы

Жәбірленушінің айтуынша, бәрі кетіп қалған соң таныс таксисіне хабарласып, ол қауіпсіз жерге алып кеткен.

Пікірлер

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 814 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 495 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 126 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›