Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстан 32 жылдан кейін садақ атудан әлем чемпионатында жүлде алды

07.09.2025, 13:40

Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын жеңді

Қазақстан 32 жылдан кейін садақ атудан әлем чемпионатында жүлде алды
ҰОК

Қазақстан құрамасы садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды.

Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді.

Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет әлем чемпионатында медаль жеңіп алды. Бұған дейін, 1993 жылы классикалық садақ атудан Яна Туниянц үшінші орынға ие болған еді.

Сонымен қатар біздің құрама жабық кешендегі әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам