ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Шавкат Рахмоновтың бапкері Ризабек Айтмұханның болашағы туралы пікір білдірді

Бүгін, 17:29

Ризабек Айтмұхан ресейлік балуаннан жеңіліп, әлем чемпионатын аяқтады

Шавкат Рахмоновтың бапкері Ризабек Айтмұханның болашағы туралы пікір білдірді
United World Wrestling

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов пен DAR Team командасының бапкері Эдуард Базров Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы қазақстандық балуан Ризабек Айтмұханның алғашқы белдесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

Жарыстың бірінші айналымында Ризабек Айтмұхан ресейлік Магомед Курбановпен кездесіп, 4:5 есебімен есе жіберді.

«Курбанов — Еуропаның екі дүркін чемпионы, ал Ризабек — әлем чемпионы. Мен белдесу алдында да бапкерлерге айтып едім. Ризабек бұл қарсыластан өтуі тиіс еді, оған сенімді болдым. Шынымды айтсам, Ризабектің Тәжудиновпен кездесуін көру қызық болар еді. Олар – өте талантты әрі болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшылар. Дайындық дұрыс жүргізіліп, кәсіби көзқарас қалыптасса, Ризабекті Лос-Анджелес Олимпиадасына жоғары деңгейде апара аламыз деп сенемін. Оның бойында бәрі бар: күресті жақсы сезіну, тактикалық сауаттылық, физикалық күш. Әрине, физикалық тұрғыда әлі де жетілуі қажет, бірақ әлеуеті зор. Қазірдің өзінде ол салмағындағы әлемнің мықты балуандарымен тең дәрежеде күресуге қабілетті екені анық. Алда атқарылар жұмыс көп, белгілі бір тұстарды түзету қажет, — деді Эдуард Базров.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам