
Хусаинова жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігінен айырылды
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Виктория Хусаинова жарысты аяқтады.
59 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық спортшы 1/8 финалда моңғол балуаны Алтжин Тогтохқа жол берген еді. Кейіннен Тогтох жартылай финалда жапон спортшысы Сакура Онишиден 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Осыған байланысты Хусаинова жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Виктория Хусаинова — Ресей күрес мектебінің түлегі. Ол былтыр азаматтығын өзгертіп, Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатыса бастады. Ресейдің Кузбасс аймағында дүниеге келген.