Ресей балуаны ауыр жарақат алды
Олимпиада ойындарының чемпионы, танымал балуан Заурбек Сидаков күрес бойынша әлем чемпионатында ауыр жарақат алды.
Ресей Спорттық күрес федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Тигран Аванянның мәлімдеуінше, спортшы жартылай финалдық белдесу кезінде төрт тісін сындырған.
Федерация таратқан ақпаратқа сәйкес, Сидаков жарақатты дәл осы кезеңде алған. Жартылай финалда ол Албания намысын қорғаған бұрынғы ресейлік балуан Чермен Валиевтен жеңіліп қалды. Дегенмен қола медаль үшін тартыста Сидаков АҚШ өкілі Дэвид Каррды жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Айта кетейік, 29 жастағы Сидаков – Токио Олимпиадасының чемпионы.