ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Бүгін бозкілемге Демеу Жадыраев шығады

Бүгін, 09:41

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Джонни Куннари Саркиненмен белдеседі.

Бүгін бозкілемге Демеу Жадыраев шығады
Фото: Olympic.kz

18 қыркүйек күні Загребте (Хорватия) күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінің бәсекелері басталады. Қазақстан үшін басты назардағы спортшы – 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Демеу Жадыраевтың жарыс жолына шығуы.

1/6 финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері 23 жастағы фин спортшысы, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Джонни Куннари Саркиненмен белдеседі.

Әлем чемпионатына дейін Жадыраев Германиядағы «Гран-при» турнирінде жеңімпаз атанған еді.

Демеу Жадыраев туралы деректер:

  • Туған күні: 1989 жылдың 2 қарашасы

  • Туған жері: Үшарал, Алматы облысы

  • Жеке бапкері: Боранбек Қоныратов

  • Жетістіктері:

    • Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2015 – 66 кг, 2019 – 72 кг, 2021 – 77 кг)

    • 2016 жылғы студенттер арасындағы әлем чемпионатының финалисі (71 кг)

    • 2017 жылғы әлем чемпионатының финалисі (71 кг)

    • 2018 жылғы Азия чемпионатының финалисі (72 кг)

    • 2024 жылғы Олимпиада финалисі (77 кг)

  • Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері

  • 2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысушы (9-орын)

  • Әлемдік рейтингтегі орны: 6-орын (35 000 ұпай)

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×