ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақ күресінен турнирде мойнын сындырып алған оқушы көз жұмды

Бүгін, 11:50

Турнирдің 2010 жылы туған қатысушысы, Ақтөбе тұрғыны басымен жерге құлап, ауыр жарақат алған

Қазақ күресінен турнирде мойнын сындырып алған оқушы көз жұмды
Видеодан кадр

Ақтөбеден шыққан жасөспірім спортшы қазақ күресінен өткен халықаралық турнир кезінде алған ауыр жарақаттан қаза болды.

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, 6-7 қыркүйек күндері Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дәстүрлі X халықаралық турнир өтті. Жарыс Алаш қайраткерлерінің рухына және Перуаш Қаримұлына арналып ұйымдастырылған болатын.

Турнирдің 2010 жылы туған қатысушысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, белдесу барысында қарсыласының әдісінен кейін басымен жерге құлап, ауыр жарақат алды. Алдымен Ақмола облысының дәрігерлері оның өмірі үшін күресті. Кейін спортшы санавиация арқылы Астанаға жеткізілді.

«Баланың жағдайы түскен сәттен бастап өте ауыр болды. Ол бірден реанимация және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Қажетті барлық реанимациялық шаралар жасалды, республикалық мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консилиум өткізілді. Дегенмен, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, науқастың жағдайы үнемі нашарлап отырды. 2025 жылдың 15 қыркүйегінде бала көз жұмды», - деп мәлімдеді Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Марқұмның денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен Ақтөбеге жеткізілді. Жас спортшымен қоштасу рәсімі 18 қыркүйекте өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×