
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жариялады
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды. Отандасымыз 5021 ұпай жинап, әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты.
Екінші орында 4738 ұпаймен ресейлік Сабина Гилязова болса, үздік үштікті 4727 ұпай жинаған италиялық Ассунта Скутто түйіндеп тұр. Ал үздік бестікте швед спортшысы Тара Бабулфат (4286 ұпай) пен франциялық Ширин Букли (4020 ұпай) бар.
Абиба Әбужақынова дзюдодан еліміздегі ең танымал балуандардың бірі. Ол үш рет әлем чемпионатында жүлде алған. 2025 жылы күміс, ал 2022, 2024 жылдары қола жүлдеге ие болған. Азия чемпионаттарында 2 мәрте күміс медальға қол жеткізген. Сондай-ақ дзюдодан қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының финалисі.