ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Нұрдәулет Жұмағали пара жүзуден әлемнің үш дүркін күміс жүлдегері атанды

25.09.2025, 23:48

Ол Париждегі Паралимпиада ойындарында да екінші орын иеленген болатын

Нұрдәулет Жұмағали пара жүзуден әлемнің үш дүркін күміс жүлдегері атанды
фото автордан

Жүзуден Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали осымен үшінші рет әлемнің күміс жүлдегері атанды. Сингапурде өтіп жатқан әлем біріншілігінде ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында мәрені екінші болып кескен.

Еске салайық, Нұрдәулет 2022 және 2023 жылдары да әлем чемпионаттарында дәл осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, 2024 жылы Парижде өткен жазғы Парадимпиада ойындарында да ол екінші орын алды.

Сингапурдегі әлем чемпионаты 21 қыркүйекте басталып, 27 қыркүйекте мәресіне жетеді. Жарысқа 75 елден 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Нұрдәулет Жұмағали болса үш дистанция бойынша сынға түскен. Соның бірінде жүлдеге қол жеткізді.

«Дайындығым өте жоғары деңгейде өтті. Бапкерлеріммен нақты жоспар құрып, сол жоспардан ауытқымадым. Мақсатым – әлем чемпионы атанып, көк байрақты желбірету болған еді. Алайда, Сингапур өте ылғалды ел болғандықтан, климатқа бейімделіп үлгермедім, уақыт жетпеді. Оның үстіне, командада массажист болмады, ал жарыс алдында массаж өте қажет еді. Соған қарамастан, мәрені екінші болып кесіп, ел қоржынына күміс медаль салдым», - деді Нұрдәулет Жұмағали 1bol.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Нұрдәулет жүзген қашықтықта бірінші орынды ресейлік Тимофей Гук иеленсе, үздік үштікті украиналық Олекси Фединя қорытындылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам