ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Динара Сәдуақасова 2022 жылғы нәтижесі үшін «еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

26.09.2025, 18:05

Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер

Динара Сәдуақасова 2022 жылғы нәтижесі үшін «еңбек сіңірген спорт шебері» атанды
Туризм жəне спорт министрлігі

Серік Жарасбаев Динара Сәдуақасоваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыс етті

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев шахматтан халықаралық гроссмейстер, еліміздің бірнеше дүркін әрі абсолютті чемпионы Динара Сәдуақасоваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыс етті.

Спортшыға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы 2022 жылы Алматыда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін берілді.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылы Алматыда өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарының қола медаль иегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам