Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Өзбекстан намысын қорғаған 36 жастағы таеквондошы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысады

21.10.2025, 22:12

Каимова – Өзбекстан таеквондо мектебінің тәрбиеленушісі

Өзбекстан намысын қорғаған 36 жастағы таеквондошы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысады
Әлеуметтік желі

24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында өтетін таеквондодан әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасы атынан сегіз спортшы сынға түседі. Алайда олардың ішінде ерекше назар аударатын бір есім бар – Евгения Каимова (+73 кг).

Каимова – Өзбекстан таеквондо мектебінің тәрбиеленушісі. Ол Өзбекстан құрамасында өнер көрсетіп, ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жеткенімен, небәрі 22 жасында спорттық мансабын аяқтаған. Дегенмен бірнеше жылдан соң тұрмысқа шығып (бұрынғы тегі – Каримова), сонан соң Қазақстанға қоныс аударды.

Елімізде ол балаларды жаттықтырумен айналысып, кейін өзі де жарыс жолына қайта оралған. Қазір оның жасы 36-да, Астанада тұрады және бапкерлік жұмысын жалғастырып жүр. Сондықтан оның ұлттық құрама сапында қалай өнер көрсететіні қызық. 

Евгения Каимова туралы қысқаша дерек

Жасы: 36-да
Өзбекстан құрамасындағы жетістіктері:
– Азия жастар чемпионатының қола жүлдегері (2005)
– Азия ойындарының финалисі (2006)
– Азия чемпионатының финалисі (2010)
– Азия ойындарының қола жүлдегері (2010)
– Өзбекстанның спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
– 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан
Қазақстан құрамасындағы жетістігі:
– Qatar Open турнирінің жеңімпазы (2023)

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам