Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Ризабек Айтмұқан жапон балуанынан 0:10 есебімен жеңілді

Бүгін, 01:21

Бұған дейін де жапон спортшысы екі рет Ризабекті Азия чемпионаттарында жолдан ығыстырған болатын

Ризабек Айтмұқан жапон балуанынан 0:10 есебімен жеңілді
Фото: instagram/wrest_lingnew

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында оңбай жеңілді.

Жарысты жоғары қарқынмен бастаған Ризабек алғашқы айналымдарда қарсыластарына бір ұпай ғана беріп, сенімді түрде жартылай финалға шыққан еді.
Алайда шешуші белдесуде оған 2025 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Араш Ёшида қарсы тұрды.

Бұл – қос балуанның алғашқы кездесуі емес. Бұған дейін де жапон спортшысы екі рет Ризабекті Азия чемпионаттарында жолдан ығыстырған болатын:
бірде 92 келіге дейінгі салмақта, ал биыл 97 келіде өткен финалда жеңіске жеткен еді.

Өкінішке қарай, Ризабек бұл жолы да қарсыласынан айласын асыра алмады.
Белдесу 0:10 есебімен Ёшида пайдасына аяқталып, қазақ балуаны ауыр жеңіліске ұшырады.

Осылайша, Ризабек Әитмұхан былтыр Албанияда жеңіп алған 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионы атағын қорғай алмады.
Дегенмен ол ертең қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Ризабек Әитмұханның жетістіктері

21 жастағы спортшы – ересектер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионы.
Сондай-ақ ол 2023, 2024 және 2025 жылдары қатарынан үш мәрте Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам