ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

26 жастағы танымал волейболшыны тоқ соғып, көз жұмды

30.10.2025, 16:04

Иран ұлттық құрамасының белгілі волейболшысын тоқ соққан

26 жастағы танымал волейболшыны тоқ соғып, көз жұмды
pixabay.com

Иран ұлттық құрамасының белгілі волейболшысы Сабер Каземиді жаттығудан кейін бассейнде тоқ соқты. Қайғылы жағдай спортшы Катардың «Эр-Райян» клубында жүрген кезінде болған.

Тоқ соғу салдарынан Каземи ауыр бас-ми жарақатын алып, жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күресті.

Иран волейбол федерациясы ресми мәлімдеме жасап, медициналық комиссия спортшының ми өлімін растағанын хабарлады.

«Медициналық комиссия бұрынғы ұлттық құраманың ойыншысы Сабер Каземидің миының өлімі фактісін растады», – делінген ұйымның хабарламасында.

Соған қарамастан, дәрігерлер әзірге спортшыны өмірін қамтамасыз ететін аппараттардан ажыратқан жоқ. Ол әлі де реанимация бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 26 жастағы Сабер Каземи 2021 жылы Иран құрамасымен бірге Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алып, сол жылы турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам