ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Ақмолада жарыс кезінде екі бапкер жасөспірімдердің көзінше төбелескен

12.11.2025, 15:30

Сот отырысында төреші мен бапкер кінәсін толық мойындады

Ақмолада жарыс кезінде екі бапкер жасөспірімдердің көзінше төбелескен
Видеодан кадр

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты балалар арасындағы грэпплинг турнирі кезінде бапкер мен төреші арасындағы төбелеске қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Бейнежазбада бірнеше ер адамның, соның ішінде бапкерлердің өзара сөзге келіп, итерісіп, бір-біріне жұдырық сілтемек болғаны анық көрінеді. Оларды ажыратуға ата-аналар мен турнир қатысушылары араласқан.

Тексеру нәтижесінде полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғады.

«С және Ш қалалық турнир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен айналадағы адамдардың тыныштығын бұзған әрекеттер жасаған», — делінген сот қаулысында.

Сот отырысында төреші мен бапкер кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза қолданбауды өтінген.

«Сот қаулысымен С мен Ш кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімдері әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам