ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры екінші жыл қатарынан ауыл чемпиондарын анықтады

12.11.2025, 19:59

Жоба жыл басынан бері 17 облысты, 300-ден аса ауылды қамтыды

Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры екінші жыл қатарынан ауыл чемпиондарын анықтады
Halyk қоры баспасөз қызметі

Шалғайдағы ауыл мектебінен басталған арман биыл Алатаудың етегінде үлкен аренаға ұласты. Бір жыл бойы елдің түкпір-түкпірінде өткен іріктеулерден өткен ауыл балалары Алматыда бас қосып, ұлттық доданың финалында бақ сынады.

10 мың баладан мың жүйрік анықталды

Жоба жыл басынан бері 17 облысты, 300-ден аса ауылды қамтыды. 10 мыңнан астам жасөспірім бақ сынаған додада 1700 ең үздік спортшы финалға жолдама алып, 3–6 қарашада Алматыда жеті спорт түрінен бас қосты. Оларға елдің ең үздік төрешілері баға берді.

«AUYL SPORT – ауыл балаларының болашағына салынған инвестиция. Финалда тек чемпиондар емес, бүкіл елдің үміті анықталды», – деді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықұлы.

Турнир жеңімпаздарының бірі:

«Бұл жарыс менің өмірімді өзгертті. Ауылдан бастап, үлкен аренада өнер көрсету – үлкен мотивация болды», – дейді жас чемпион.

Шынайы арманның орындалуы

Айта кетейік, бұған дейін жобаға қатысқан спортшы Махмет Жасұлан жарыстардың бірінде әжесіне Олимпиада чемпионы болса, Меккеге апаратынын айтып, уәде берген еді. Ел спортына қолдау көрсетіп келе жатқан меценат Тимур Құлыбаев баланың арманын естіп, оның әжесіне Меккеге қажылық жолдамасын сыйлады.

Тимур Құлыбаевтың Halyk қорының бастамасымен өткен жоба екі жыл қатарынан ауыл спортының жаңа дәуірін бастап берді. Былтырғы жеңімпаздардың 12-сі Қазақстан құрамасымен бірге Сербиядағы ISF U-15 Гимназиадасында ел намысын қорғап, 11 медальдің төртеуін жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам