Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Олимпиада чемпионы Елена Рыбакинаның жетістігіне жоғары баға берді

Бүгін, 09:30

Ол Рыбакинаның кортта бұлай ойнауын күтпегенін атап өтті

Олимпиада чемпионы Елена Рыбакинаның жетістігіне жоғары баға берді
Getty sport

Теннистен Рио-де Жанейро Олимпиадасының чемпионы Елена Веснина 2025 жылғы маусымда табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның өнеріне баға берді.

Ол championat.com сайтына берген сұхбатында Елена Рыбакинаның Сауд Арабиясындағы турнирді лайықты түрде жеңіп алғанын атап, үлкен серпіліс жасағанын жеткізді.

«Мен әрқашан Ленаға сендім. Оның ойыны да, мінезі де, жалпы адам ретіндегі болмысы қатты ұнайды. Көп адам оның бұрынғы бапкерімен қайта қауышуын күмәнмен қабылдаса да, мен Стефано Вуковтың жұмысын көрдім. Оның кеңестерін естідім. Ол Ленаны өте жақсы біледі. Рыбакинаның әлсіз және күшті тұстарын түсінеді және қажетінше дұрыс жағдайға келтіре алады. Меніңше, Лена Вуков қайта келгеннен кейін ғана тынышталды. Өйткені олар бір-бірін жақсы түсінді. Кейде Лена ойға беріліп кетіп, флегматик мінезіне байланысты өз-өзінен тұйықталып қалатын сәттерінде бапкері оны қайта «оятуды» біледі. «Сен корттасың. Сен жеңіп тұрсың. Алға, сен - машинасың, жұмыс істеп жатырсың» деген сөздерімен оның жағдайын дұрыстап жібереді», - деді Елена Веснина.

Ол сұхбат барысында Рыбакинаның кортта бұлай ойнауын күтпегенін атап өтті.

«Бірақ дәл осындай мінсіз ойын көрсетеді деп ойламадым. Эр-Риядтағы қорытынды турнирде көрсеткен деңгейі мені қатты таңғалдырды. Финалда Соболенкоға қарсы ойыны да керемет болды. Рыбакинаға Аринаның қарсылас бола қоюы қиын екенін сездім. Себебі Соболенко осылай қатты соққылы теннисшілерге қарсы ойнағанды ұната бермейді. Олар оның өз қаруын өзіне қарсы қолдана алады. Ленаның бұл турнирді осынша салқынқандылықпен, мүлде қиындықсыз өткендей әсер қалдырып, жеңіп шығуы таңғаларлық оқиға болды. Былай қарап отырсаң «Спартактағы» кезекті турнир сияқты. Уимблдонды да осылай жеңген. Оның табиғаты, мінезі сондай. Сондықтан Рыбакинаның қайта өзіне келіп, WTA рейтингінің топ қатарына оралуы - қуанышты жағдай», - деді ол.

Елена Веснина 2016 жылы Рио Олимпиадасының жұптық сынында чемпион атанса, Токиода өткен ойындарда аралас жұпта күміс жүлдеге ие болған.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биыл WTA рейтингісінде нәтижесін жақсартып, Сауд Арабиясында өткен қорытынды турнирде рекордтық сомада табысқа қол жеткізді. Осылайша ол бұл жетістігі арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам