Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монпелье турнирін жеңіп алды

05.02.2024, 01:09

Ол әлемдің рейтингтің 23-сатысына көтерілді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монпелье турнирін жеңіп алды
GoTennis.ru

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен ATP 250 турнирін жеңіп алды.

Финалдық кездесуде ол хорват Борна Чоричпен кортқа шыққан. Бірінші сетте Бублик жеңілгенімен, қалған екі сетте керемет камбэк жасап, жарыс жеңімпазы атанды, есеп – 5:7, 6:2, 6:3.

Финалдық матч 2 сағат 18 минутқа созылды. Бублик 19 эйс, 4 брейк-пойнт жасап, алты рет дабл-фол жіберіп алды.

Қазақстандық теннисшінің бұл 2024 жылы жеткен алғашқы жетістігі. Осы жеңісі үшін ол 88 125 еуро және рейтингтік 250 ұпай темденіп отыр. Соның арқасында отандық теннисші әлемдік рейтингтің 23-сатысына көтеріліп отыр.

Айта кету керек, дәл осы турнирді Бублик 2022 жылы да жеңіп алған болатын. Жалпы, оның мансабында ATP жарыстарының 4 кубогі бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам