Қазақстан футболын 5-6 клан басқарып отыр. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді

31.01.2024, 10:16

Көш басында аустриялық Джоэл Шварцлер тұр

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді
Қазақстан теннис федерациясы

Күні кеше Аустралия ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен 16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Халықаралық теннис қауымдастығының (ITF) рейтингінде бірден 11 сатыға көтерілді деп хабарлайды 1bol.kz.

Айта кетейік, Әмір жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық біріншілігіне қатысып, 1/4 финалда жеңілген болатын. Оған дейін ол рейтинг көшбасшыларын жеңіп, жарыс сенсациясын жасады.

Нәтижесінде Әмір Омарханов рейтингте 16-орынға шықты. Бұған дейін ол 27-орында болған. Көш басында аустриялық Джоэл Шварцлер тұр.

Australian Open турнирінің барлық матчын тікелей эфирде тегін көріп, 1 млн теңге фрибеттер ұтысына қатысыңыз және шотты бірінші толтырғанға 200 000 теңге бонус алыңыз – FONBET сайтына және мобильді қосымшасына келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам