Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Australian Open-де бақ сынайды

Бүгін, 10:15

Жарыстың негізгі сеткасында Қазақстаннан үш теннисші бақ сынайды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Australian Open-де бақ сынайды
KTF

24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтетін 2026 жылғы юниорлар арасындағы Australian Open турнирінің қатысушылар тізімі жарияланды.

Жарыстың негізгі сеткасында Қазақстаннан үш теннисші бақ сынайды. Олар — ITF юниорлар рейтингінде 24-орында тұрған Занғар Нұрланұлы (10-нөмірмен іріктелген), сондай-ақ Дамир Жалғасбай (ITF Juniors — 60) және Даниэль Тазабеков (ITF Juniors — 94).

Айта кетейік, Занғар, Дамир және Даниэль өткен жылы юниорлар арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бірге өнер көрсеткен. Сергей Квактың шәкірттері сол турнирде төрт дүркін әлем чемпионы Франция құрамасын жеңіп, жалпы есепте бесінші орынды иеленген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам