Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Рыбакина, Бублик және Диас: Аустралия ашық турниріне кім қатысады

09.12.2025, 16:13

Аустралия ашық чемпионаты 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурнде өтеді

Рыбакина, Бублик және Диас: Аустралия ашық турниріне кім қатысады
KTF

2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына қатысатын теннисшілердің тізімі ресми түрде белгілі болды. Келесі жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» додасында Қазақстанның көшбасшылары да сынға түседі.

Ерлер арасында елдің бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтің 11-орнындағы Александр Бублик пен рейтингіде 95-сатыда тұрған Александр Шевченко негізгі кезеңде бақтарын сынайды.

Әйелдер арасында Қазақстан намысын әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина мен 71-орындағы Юлия Путинцева қорғайды. Ал Қытайдағы іріктеу турнирінде жеңімпаз атанған, әлемдік тізімнің 283-сатысында тұрған Зарина Диас Мельбурндағы жарысқа арнайы шақырту алып отыр.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина да кортқа шығатыны белгілі болды.

Іріктеу кезеңінде әзірге тек Тимофей Скатовтың қатысатыны расталды. Қалған теннисшілердің есімі кейін жарияланады.

Аустралия ашық чемпионаты 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурнде өтеді. Айта кетейік, екі жыл бұрын осы турнирде Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, ақтық сында Арина Соболенкоға есе жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам