Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Рыбакина Соболенкоға үлкен қауіп төндіреді – Олимпиада чемпионының болжамы

Бүгін, 18:05

Финалда қос теннисшінің жеңіске жету мүмкіндігі тең болып тұр

Рыбакина Соболенкоға үлкен қауіп төндіреді – Олимпиада чемпионының болжамы
Getty sport

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкоға айтарлықтай қиындық тудыруы мүмкін. Бұл туралы олимпиада чемпионы Елена Веснина мәлімдеді.

Веснинаның айтуынша, Соболенко әдетте ойында бастаманы өз қолына алып, қарсыласын қысымға алып ойнағанды ұнатады. Алайда Рыбакинаның да ойын мәнері соған ұқсас болғандықтан, әлемнің бірінші ракеткасы бұл финалда қиындыққа тап болуы мүмкін.

Рыбакинаның мүмкіндігі өте жоғары. Себебі оның ойыны Соболенкоға қолайсыз. Арина өзі секілді күшті соққы жасайтын, уақыт бермейтін теннисшілерге қарсы ойнағанды ұнатпайды. Өйткені мұндай қарсыластар оны қорғанысқа мәжбүрлейді. Ал Соболенконың қорғанысы аса мықты емес — ол өзі бірінші темппен ойнап, жағдайды басқарғанды жақсы көреді, – деді Веснина.

Сондай-ақ ол финалда қос теннисшінің жеңіске жету мүмкіндігі тең екенін атап өтті.

Финалда екі спортшының да жеңіске жету ықтималдығы бірдей: 50-ге 50, — деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам