Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды

31.01.2026, 16:03

Отандасымыз Арина Соболенконы үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды
Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінде топ жарып, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» атағын жеңіп алды.

Мельбурнде өткен финалда қазақстандық теннисші Беларусь өкілі, әлемнің үздік ойыншыларының бірі Арина Соболенконы үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді — 6:4, 4:6, 6:4.

Шешуші үшінші партияда Рыбакина 0:3 есебімен ұтылып жатқан. Алайда ол мінез көрсетіп, ойын барысын толық өз қолына алып, матчтың тағдырын өзгертіп жіберді. Нәтижесінде Елена керемет камбэк жасап, чемпиондық титулды еншіледі.

Осы жеңіспен Елена Рыбакина мансабындағы ең ірі титулдарын мына тізімге қосты:

  • Уимблдон-2022

  • Маусым қорытындысы турнирі (WTA Finals)-2025

  • Australian Open-2026

Ал жалпы Рыбакинаның еншісінде WTA деңгейіндегі 12 титул бар.

Соболенконың сериясы тоқтады

Арина Соболенко финалға дейін 11 матч қатарынан жеңіп келген еді. Australian Open алдында белорустық теннисші Брисбен турнирінде чемпион атанып, үздік формада болған. Оның соңғы жеңілісі де дәл осы Рыбакинаға қарсы — финалда тіркелген.

Жеке кездесулер: тартыс күшейе түсті

Бұл финал Рыбакина мен Соболенко арасындағы 15-ші матч болды. Қазіргі таңда жеке кездесулердегі есеп — 8:7, әлі де Соболенконың пайдасына.

Айта кетейік, Australian Open-тегі жеңістен кейін Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы жоғарылап, әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам