Сыйақы көлемі 4 миллион 150 мың аустралиялық долларды құрайды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғаш рет мансабында Australian Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл жеңіс спортшыға миллиард теңгеден аса жүлде қаржысын алып келді.
Аустралия ашық чемпионатының финалында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте жеңді – 6:4, 4:6, 6:4.
Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, Australian Open-2026 жарысында әйелдер арасындағы жекелей сындағы чемпионға арналған сыйақы көлемі 4 миллион 150 мың аустралиялық долларды құрайды. Бұл – салықты есептемегенде шамамен 1 миллиард 472 миллион теңге.
Ал турнирдің финалисі, яғни екінші орын алған теннисші 2 миллион 150 мың аустралиялық доллар (шамамен 763 миллион теңге) табыс тапқан.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина 2025 жылғы қарашада өткен WTA қорытынды турнирінде чемпион атанып, 5 миллион 235 мың доллар көлемінде (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алған еді.