Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

4 млн доллар: Рыбакина Дохадағы турнирді жеңіспен бастады

10.02.2026, 22:08

Ол жарысқа екінші айналымнан қосылды.

4 млн доллар: Рыбакина Дохадағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді сенімді жеңіспен бастады.

Рыбакина жарыс жолына екінші айналымнан қосылып, бұл кезеңде Қытай өкілі Ван Синьюмен (WTA №33) кездесті. Екі сетке созылған матч 6:2, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Елена 1/8 финалда Алисия Паркс – Циньвэнь Чжэн жұбының жеңімпазымен өзара кім мықтыны анықтайды.

Топ-10-ға кіретін Аманда Анисимова, Коко Гауфф, Жасмин Паолини және Екатерина Александрова секілді теннисшілер жарысты ерте аяқтаса, Арина Соболенко мен Джессика Пегула турнирге қатысқан жоқ. 

Еске салайық, былтыр Дохадағы турнирде Рыбакина ширек финалға дейін жетіп, сол кезеңде әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке (Польша) 2:6, 5:7 есебімен жол берген еді.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 4 088 211 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 665 мың доллар сыйақы мен 1000 ұпай еншілейді. Турнирдің қазіргі чемпионы - АҚШ өкілі Аманда Анисимова (WTA №4).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам