Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина WTA рейтингінде төртінші орынға қайта көтерілді

11.02.2024, 08:53

Бүгін жерлесіміз Абу-Даби турнирінің финалында өнер көрсетеді

Елена Рыбакина WTA рейтингінде төртінші орынға қайта көтерілді
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандың теннисші Елена Рыбакина WTA-ның live-рейтингніде төртінші сатыға көтерілді деп жазады Sports.kz.

Айта кетейік, Рыбакина қазір Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсетіп жатыр. Бүгін ол финалда ресейлік Дарья Касаткинамен кортқа шығады. Осы матчтың нәтижесіне қарамастан қазақстандық теннисші рейтингте бір сатыға жоғарылап отыр, оның еншісінде 5913 ұпай бар. Бұған дейін төртінші орында болған америкалық Джессика Пегула болса 5705 ұпаймен бесінші орынға түсті.

Рыбакина Абу-Даби турнирін жеңген жағдайда оның жинаған ұпай саны 6088-ге жетеді. Үшінші сатыдағы Кори Гауффте 7200 ұпай бар.

Еске салайық, жыл басында Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралия ашық біріншілігінде жеңіліп қалғаннан кейін WTA рейтингінде төртінші сатыдан бесіншіге төмендеген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам