Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

АТР рейтингі: Қазақстанның бірінші ракеткасы үздік ондықтан шығып қалды

16.03.2026, 11:35

Ол Индиан-Уэллстің үшінші айналымында жеңіліс тапқан еді.

АТР рейтингі: Қазақстанның бірінші ракеткасы үздік ондықтан шығып қалды
Reuters

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингін жаңартты.

Жаңартылған тізімде әлемнің бірінші ракеткасы атағын испаниялық Карлос Алькарас сақтап қалды. Екінші орынға АҚШ-та өткен Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы, италиялық Янник Синнер көтерілді. Ал үздік үштікті сербиялық тәжірибелі теннисші Новак Джокович түйіндеп тұр.

Индиан-Уэллс турнирінің финалисі ресейлік Даниил Медведев рейтингте біршама ілгерілеп, оныншы орынға көтерілді.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір саты төмендеп, 11-орынға жайғасты. Естеріңізде болса, ол аталған «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында аустралиялық Ринки Хидзикатадан жеңіліп қалған болатын.

Есесіне тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко төрт саты жоғарылап, 84-орынға көтерілді. Тимофей Скатов, керісінше, төрт орын төмендеп, 195-орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам