Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Елена Рыбакина Катардағы турнирдің ширек финалына шықты

15.02.2024, 00:14

Оның келесі қарсыласы – канадалық Лейла Фернандес

Елена Рыбакина Катардағы турнирдің ширек финалына шықты
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде америкалық Эмма Наварроны жеңіп, жарыстың ширек финалына шықты.

Матч үш сетке созылып, 6:1, 6:7, 6:4 есебімен Рыбакина жеңіске жетті. Қазақстандық теннисшінің өзі болса кездесудің қиын болғанын мойындады.

«Біз Эммамен өте ертеректе бір рет ойнағанбыз, ол кезде жас едік. Қазір ол тәжірибе жинап, күшейгені көрініп тұр. Бүгін өте қиын матч болды мен үшін. Екінші сетте матчты аяқтайтын сәттер болды, бірақ қарсыласым ұателік жібермеді. Жеңгенім үшін қуаныштымын», - деді Рыбакина матчтан кейін.

Келесі кездесуде жерлесіміз канадалық Лейла Фернандеспен өзара мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт