Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Катардағы турнирді жеңіспен бастады

14.02.2024, 01:50

Жерлесіміз бірер күн бұрын ғана Абу-Дабидегі турнирді жеңіп алған болатын

Елена Рыбакина Катардағы турнирді жеңіспен бастады
Australian Open

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада басталған Qatar Open 2024 турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Рыбакина қытайлық Чжу Линьмен (WTA рейтингінде 57-орын) кездескен. Есеп 6:2, 6:1 есебімен Қазақстан теннисшісінің пайдасына шешілді. Ал, ойынның өзі небәрі 59 минутқа созылды.

Үшінші айналымда Елена Рыбакина америкалық Эмма Наварромен (№23) кортқа шығады. Наварро бұған дейін италиялық Ясмина Паолини мен бельгиялық Элиза Мертенсті жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам