Оның келесі қарсыласы – Ресей теннисшісі
Әлемнің төртінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 - Qatar Total Energies Open турнирінің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда жерлесіміз канадалық Лейла Фернандеспен кездескен болатын. Матч 6:4, 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Айта кету керек, бірінші сетте Қазақстан теннисшісі 1:4 есебімен жеңіліп тұрған. Алайда, камбэк жасап, қалған бес геймде қарсыласынан басым түсті.
Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.
Жартылай финалда Рыбакина ресейлік теннисші Анастасия Павлюченковамен кортқа шығады. Ширек финалда ол америкалық Даниэль Коллинзді жеңген болатын.