Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастап, жеңіске жетті

24.04.2026, 19:36

Енді әлемнің 36-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі

Елена Рыбакина Мадрид турнирін камбэкпен бастап, жеңіске жетті
instagram.com/mutuamadridopen

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Турнирдің екінші ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы матчында әлемдік рейтингте 71-орында тұрған румыниялық Елена-Габриэла Русемен кортқа шықты. Бұған дейінгі екі кездесуде де Рыбакина басым болған.

Бұл жолы матч оңай басталған жоқ: алғашқы сетте Русе 6:4 есебімен алға шықты. Алайда одан кейін Елена мінез көрсетті — 6:3, 7:5.

Енді Рыбакина келесі кезеңде әлемнің 36-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам