Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Болат Өтемұратовқа алғысын айтты

18.02.2024, 08:01

Жыл басталғалы бері қазақстандық теннисші 4 жарысқа қатысып, оның екеуінде жеңімпаз болды

Елена Рыбакина Болат Өтемұратовқа алғысын айтты
Қазақстан теннис федерациясы

Катар турнирінің финалында сүрінген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарыстан кейін өз жанкүйерлеріне және Қазақстан теннис федерациясының президентіне алғысын айтты.

Еске салайық, Рыбакина Дохада өткен WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектен (Польша) жеңіліп қалды.

«Мен соңына дейін күрестім. Көрерменнің бәріне ұнағаны үшін қуанып отырмын. Иганы және оның командасын жеңісімен құттықтаймын. Мені қолдаған және көмектескендердің бәріне алғысымды айтамын, әсіресе бапкеріме, бас бапкеріме…

Қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Бұл екі апта керемет өтті. Қазақстан теннис федерациясының президентіне ерекше алғысымды айтамын. Ол бүгін келіп, финалдық матчты көрді. Жанкүйерлерге де рахмет! Бүгін трибунадан Қазақстанның бірнеше туын көрдім, таң қалдым, қуандым. Осыншама қолдау болады деп күткен жоқпын. Бұл көмектеседі, қанаттандырады, әсіресе осындай қиын матчтарда», - деді Рыбакина салтанатты марапаттау рәсімінде.

Финалда Швентек Рыбакинаны 7:6 (10:8), 6:2 есебімен жеңді. Былтыр қос теннисші өзара үш рет кездесіп, оның бәрінде Рыбакина жеңіске жеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам